384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да шекара шебі қырағы күзетіледі

  • 643
  • UPD: 17:15, 05.08.2017

Қазақ шекара қызметінің 25 жылдығына арналған эстафета еліміздің оңтүстік шебіне де жетті.

Қырағылықтың символы болған «Қыран құсты» әскерилер Түркістанда қызылордалық әріптестерінен қабылдап алды. Салтанатты шарада сарбаздар көпшілікке патриоттық әндер шырқап, жастарды Отанын қорғауға шақырды.

Сарыағаштағы 20/20 әскери бөлімінің қызметкерлері еліміздің оңтүстігіндегі көрші Өзбекстанмен шекараны күзетеді. Жалпы, мыңдаған шақырымға созылып жатқан қазақ елінің шекарасы бүгінде соңғы үлгідегі бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Сарбаздар жер мен суды айтпағанда, әуеден де күндіз-түні бақылау жүргізеді. Ал Алматыдан бастау алған эстафета еліміздің барлық шекара шебін жүріп өтіп, Астана қаласында қорытындыланады. 

Бершібаев, Сарыағаш шекара отряды командирінің орынбасары:

- Бұл іс-шара арқылы біз бірінші кезекте жастардың бойында Отанына деген патриоттық сезімді ұлғайтып, жергілікті халықты шекарамызды бірлесіп қорғауға шақырамыз. Тәуелсіз еліміздің шекарасын күзету, оның тұтастығы мен егемендігін сақтап қалу – ортақ міндет.

Хабар 24 телеарнасы