388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да сотталғандар арасында құқықбұзушылық азайған

  • 543
  • UPD: 09:46, 06.08.2017

Батыс Қазақстан облысында сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың артуына жол берілген жоқ.

«Бұл жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі» дейді прокурорлар. «100 нақты қадамда» жүктелген тапсырмаларды орындау шеңберінде жазасын өтеушілердің санын азайту, босап шыққан азаматтарды қалыпты өмірге бейімдеу шаралары жүзеге асып жатыр. Бас бостандығынан айыру жазасының орнына баламалы түрде айыппұл тағайындаудың нәтижесінде бюджетке 15,5 млн теңге өндірілген. Жарты жылда жүргізілген тексерулер нәтижесінде 1 мыңнан астам құқықбұзушылық дерегі анықталып, жұмысшыларға тиесілі жалақы түріндегі 30 млн теңге қайтарылды. Қоғам үшін күрделі саналатын мәселелерді атқарушы билікпен бірлесіп шешуде жобалық менеджмент қағидаты сәтті қолданылып жүр.

Тәжиден Найманов, БҚО прокурорының міндетін атқарушы:

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Таза қол» жобасын жүзеге асыруды бастадық. Аталған жобаның басты құралы мемлекеттік органдар тарапынан ұсынылатын барлық қызмет түрлерін сандық жүйеге көшіру, автоматтандыру болып табылады. Мәселен жуырда ғана ашылған «Ашық әкімдік» жобасының нәтижесінде тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігі артты.

Хабар 24 телеарнасы