388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар климаттың өзгеруіне алаңдаулы

  • 538
  • UPD: 09:45, 06.08.2017

Егер климаттың өзгеруімен күресіп, қажетті шаралар қолға алынбаса осы ғасырдың соңына таман Еуропа елдерінде ерекше ыстықтан жыл сайын 152 мың адам көз жұматын болады.

Бұл қазіргі көрсеткішпен салыстырғанда 50 есе артық. Мұндай мәліметті Еурокомиссияның зерттеу орталығы ғалымдары жариялады. Мамандардың айтуынша, қазір аптап ыстықтан қаза тапқандар ауа райымен байланысты өлімнің 99% құрайды екен. Оның басым бөілігі кәрі құрлықтың оңтүстігіне тиесілі.

Ал осы аптада Еуропаның бірнеше елінде ауа температурасы +44 градусқа дейін жеткен. Румыния мен Польшада екі адам қаза тауып, ондаған тұрғын ауруханаға түсті.

Аптаптан орман өрттері де көбейген. 

Хабар 24 телеарнасы