387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жасқа толмаған бөбектер еңбектеп жарысты

  • 684
  • UPD: 09:56, 06.08.2017

Ақтауда 1 жасқа толмаған сәбилер арасында ерекше сайыс өтті.

Тілі шықпақ түгілі әлі аяғын қаз баспаған 20 шақты бөбек еңбектеп жарысты. Қатысушылардың алды 11 айлық, ал ең кішісі 7 айлық шақалақ. Сайыс талабы бойынша сәбилер 7 метр жерді еңсеруі тиіс. Ата-аналар оларды ойыншықпен алдап, балаларының мәреге тез жетуіне дем берді. 11 айлық Валерия Некрасова «ең жылдам бөбек» атанып, ұйымдастырушылардың атынан оған велосипед-арба тарту етілді.

Алдағы айда жағалауда балалар мен ата-аналар арасында арбалар сайысы ұйымдастырылмақ. 

Хабар 24 телеарнасы