384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді сот кезінде аудио және бейнежазба қолданылады

  • 785
  • UPD: 13:25, 06.08.2017

Жамбыл облысында сот процестері кезінде аудио және бейнежазба қондырғылары 100% қолданылып жатыр.

Қазір өңірдегі 63 сот мәжіліс залдарының барлығы толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталған. Соның арқасында қағазбастылық азайып, құжат айналымы 95 пайызға қысқарып отыр. Бұл Ұлт жоспарының орындалған 20-шы нақты қадамы.

Жамбыл облысындағы барлық сот залдарында 100-ден астам бейнекамера орнатылған. Бұл кез келген сот отырысының ашық, әрі барынша әділ өтуіне ықпал етеді. Ал, бейне және аудиотаспаға жазуды тоқтатуға, материалдарды редакциялауға ешкімнің құқығы жоқ. Жазылған және түсірілген материал бірден Жоғарғы соттың серверіне түседі. Кейін дискке жазылып, іс папкасына тігіледі.

Азамат Тілепов, облыс бойынша ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы:

– Бұрын соттатылған хаттамасына ескерту көп болса, қазіргі таңда ондай ескертулер жоқ. Әр сот залында 4 бейнекамера және 5 микрафон тұрады.

Өткен жылы қаралған 28 мыңға жуық істің, 24 мыңнан астамында дыбыс және бейнежазба пайдаланылған. Ал биыл 6 айдың өзінде 38 мыңнан астам іс қаралса, оның 93, 5 пайызы жаңа жүйеде өткізілген. Бұл жұмысты оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттырды.

Айгүл Қабдуллақызы, облыс бойынша ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының бас маманы:

– Басқа программа болатын. Ол кезде мұндай дискке жазылмай, қолмен жазылатын. Хатшыларға қазір тиімді. Сақтаған кезде өзінің файлымен шығарылады. Сол бойынша біз қысқаша жазамыз.

Ұлт жоспарында көрсетілген 20-нақты қадамның орындалуы сот мәжілісінде судьялардың да, сотқа қатысушылардың да тәртіп сақтауына ықпалын тигізді.

Әсия Амангелдиева, адвокат:

Сот мәжілісі уақытылы басталатын болды. Бұрын күтіп қалсақ еш жерде көрсетілмейтін. Қазір барлығы көрініп тұрады. Тәртіп орнады. Бұрын сот отырысының хаттамасының жазбаша түрімен танысатынбыз. Қазір өте ыңғайлы. Сот процесі аяқталысымен дайын материалмен және сот отырысын толық көріп шыға аламыз.

Айта кету керек, қазір бейнебайланыс арқылы онлайн режимде сот мәжілісіне қатысып, сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Аймақта осындай жолмен соңғы 6 айда 751 материал қаралған. Бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты пен жолға кететін қаражатын үнемдеп, жемқорлыққа жол бермеуіне септігін тигізеді.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы