384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлықтарға мемлекеттік ұйым өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

  • 831
  • UPD: 09:45, 07.08.2017

Павлодар облысындағы Ақсу ауылдық аймағының тұрғындары өздерін мазалаған кейбір мәселелерді енді ауылдан аттап шықпай-ақ шеше алады.

Жұртшылыққа мемлекеттік ұйымдар мен құзырлы органдардың мамандары көмекке келді. Мекеме өкілдері ауыл-ауылды аралап, халыққа әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кешенді іс-шара бір айға жоспарланған. Күні бүгінге дейін прокуратура органдарының бастамасымен қолға алынған іс жемісін бере бастады. Мәселен ақсулық прокурорлар екі елді мекенде болып, 600-ден астам тұрғынға түрлі мәселелер бойынша кеңес берді.

Айта кетерлігі, мемлекеттік қызметшілер халық арасында әлеуметтік сауалнама да жүргізеді. Сауалнама ауыл тұрғындарының негізгі мәселелерін анықтауға бағытталған.

Бүгінде Ақсу кентінде дәрігерлер қауымы да қабылдау жүргізіп жатыр. Азаматтар медициналық тексеруден өтіп, тіс емдету мүмкіндігіне ие. Қазіргі уақытқа дейін дәрігерлер облыстың төрт жарым мың тұрғынына сапалы қызмет көрсеткен.

Залмұхан Арынов, Ақсу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Халықтың көңіл-күйін көтеріп, бір жақсы кешенді отырыс деп ойлаймын. Сондықтан мұндай жағдайда халықпен пікірлесіп, халықтың хал-жағдайын біліп, халыққа қандай көмек көрсету керек, алда тұрған мақсаттар жүйелі түрде жеткізу бұл Елбасының алға қойған үлкен жоспары. Сондықтан ел болып, халық болып, ел басында тұрған азаматтар бәрі бірлесіп, осы жұмысқа жұмылған жұдырықтай араласып жүр.

Вера Кошевая, Ақсу қаласы әкімдігінің тұрғындармен жұмыс жөніндегі инспекторы:

- Прокуратура әкімдіктің бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста. Тұрғындарды әлеуметтік мәселелер бойынша қабылдап, шешу жолдарын қарастырады.  Халықты елді мекендерді абаттандыру, білім беру, жұмыспен қамту және медицина саласындағы мәселелер жиі алаңдатады. Жауапты мекеме өкілдері халықтың сөзіне құлақ түріп, шешуге тырысады.

Хабар 24 телеарнасы