386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ ТЖ комитеті: соңғы 6 айда еліміздің су қоймаларында 258 қайғылы жағдай болды

  • 565
  • UPD: 10:28, 08.08.2017
ҚР ІІМ ТЖ комитеті: соңғы 6 айда еліміздің су қоймаларында 258 қайғылы жағдай болды www.mukachevo.net

ҚР ІІМ ТЖ комитеті 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына талдау жүргізді. Еліміздің су қоймаларында 6 айда адамның мерт болуымен 258 жағдай орын алған.

Статистиканың мәліметтеріне сүйенсек, судағы қайғылы жағдайларға адамдардың өздері кінәлі. Олар суда қауіпсіздік шараларына мән бермеу, жүзуге тыйым салынған орындарда шомылу, балаларды қараусыз қалдыру және т.б. себептермен суға кеткен.

Ең көп мерт болғандар мына су қоймаларында тіркелген:

Ертіс өзені – 12 адам (6 – Павлодар облысы, 6 – ШҚО);

Есіл өзені – 11 адам (6 – Астана қаласы, 5 –  СҚО);

Сырдария – 6 (Қызылорда облысы);

Каспий теңізі – 4 (Маңғыстау облысы);

Қапшағай су қоймасы – 3 (Алматы обласы).

Хабар 24 телеарнасы