386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада оқу жылы 2-ші қыркүйекте басталады

  • 468
  • UPD: 20:10, 09.08.2017

EXPO көрмесінің өтіп жатқанына қарамастан Астана қаласында оқу жылы бүкіл Қазақстан аумағындағыдай 2-ші қыркүйек күні басталады. Бұл туралы Білім басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін педагогтар EXPO көрмесіне байланысты оқу жылының басталуын 12-ші қыркүйекке ауыстыру туралы Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жасады.

Жазира Асанова, Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы:

– 1-ші қыркүйек құрбан айт мерекесіне сай келетіндіктен, қалалық мектептерде салтанатты сап түзеу шарасы 2-ші қыркүйек күні өтеді. Оқу жылы да осы күні басталады. Ал қалалық колледждерге келетін болсақ, онда оқу 18-ші қыркүйек күні басталады.

Хабар 24 телеарнасы