376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Тен Кореяда өзінің атақты бабасының зиратына барды

  • 726
  • UPD: 23:36, 09.08.2017
Денис Тен Кореяда өзінің атақты бабасының зиратына барды prosports.kz

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Оңтүстік Кореядағы өзінің атақты бабасы генерал Мин Гын-Хоның зиратына барды.

«Кореядағы атақты бабам, белгілі генерал Мин Гын-Хоның мүсіні. Оның құрметіне 1999 жылы Вонжу қаласының басшылығы ескерткіш орнатқан. Жақын жерде оның зираты мен биіктігі бірнеше метр монумент бар. Онда атамның жетістіктері корей және ағылшын тілдерінде жазылған», – деп жазды Денис инстаграмға.

Мин Гын-Хо ел тәуелсіздігі үшін арпалысқан ең көрнекті 12 күрескер тізіміне кіреді. Оның армиясы күллі империяда ең ауқымды, ықпалдылардың бірі болды. 1962 жылы Мин Гын-Хо Корей Республикасының «Presidential Medal in the Order of Merit for National Foundation» орденімен марапатталды.

Бұл – тұтастай елдің негізін қалауға үлес қосқандардың ең беделді мемлекеттік наградалардың бірі. «Әр кез бабамның басына келгенде санамды ұлы адамның отбасында дүниеге келгенім үшін мақтаныш сезімі билейді», – деп атап өтті спортшы. 12-тамызда Денис Тен оңтүстіккореялық Коян (Goyang) қаласында өтетін «Ice Festa» шоуында өнер көрсетеді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы