387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында екі дәрігерлік амбулатория ашылды

  • 774
Жамбыл облысында екі дәрігерлік амбулатория ашылды ZhambylNews.kz

Жамбыл облысы, Байзақ ауданының Қостөбе және Сухамбаев ауылдарында көптен күткен дәрігерлік амбулаториялар ашылды.

Аталған елді мекендердің тұрғындары жаңа ғимараттарда білікті медициналық көмек алатын болады. Амбулаторияларда заманауи медициналық жабдық орнатылған барлық қажетті кабинеттер бар.

2 мыңға жуық адам тұратын Қостөбе ауылындағы дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 15 келушіге арналған. Дәрігерге дейінгі қабылдау, терапевт, педиатр кабинеттері жұмыс істейтін болады. Өз зертханасы да бар. Жаңа мекемеде бір дәрігер, үш орта медициналық және бір әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Құрылысқа облыстық бюджеттен 60,6 млн теңге бөлінген.

Сондай-ақ Сухамбаев ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жобалық құны 61 млн теңгені құрайды. Ауыл тұрғындары жарық әрі кең үй-жайларда білікті бастапқы медициналық-санитариялық көмек ала алады.

Бұл амбулатория да бір ауысымда 15 келушіге арналған. Штатта екі дәрігер, 7 орта медициналық қызметкер және психолог жұмыс істейді.

Жамбыл облысының әкімдігінде хабарлағандай, өңірде ҚР Конституциясы күніне орай, Мойынқұм ауданының Ақбақай ауылында және Мерке ауданының Ақермен ауылында тағы екі дәрігерлік амбулатория ашу жоспарлануда.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

Хабар 24 телеарнасы