378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада отандық және ресейлік ғалымдар бас қосты

  • 358
  • UPD: 15:33, 15.08.2017

Астанада «Қазақстан мен Ресей шекаралық ынтымақтастығы» халықаралық форумы басталды.

Алқалы жиынға екі елдің 40-қа жуық жас ғалымдары қатысып, транс-шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылап жатыр. Отандық және ресейлік ғалымдар бірлескен ғылыми-теориялық әрі тәжірибелік зерттеулерін жүзеге асыру мақсатында 3 күн бойы пікір алмасады. Сондай-ақ баламалы энергияны дамыту, био және нано-технология саласындағы тың жаңалықтарын ұсынбақ. Алғаш рет өткізілген айтулы шара еліміздің Тұңғыш Президент-Елбасы қорының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға жиналған ғалымдар «мемлекеттер шекарасында ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтарын дамыту қажет», – дейді.

Махмұд Думанов, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

– Екі елдің ғалымдары бірлесе жұмыс істеп, жаңа технология табу арқылы үлкен компаниялармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Біздің жас ғалымдарымыз бидайдың жаңа сортын ашайын деп жатыр. Оны жүйе ретінде осындай форум арқылы ашпасақ, ешкім көрмейді.

Хабар 24 телеарнасы