384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулықтар Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың рухтарына тағзым етті

  • 1043
  • UPD: 22:29, 15.08.2017
Маңғыстаулықтар Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың рухтарына тағзым етті Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін елордада Маңғыстаудың мәдениет күндері басталды. Осыған орай, Маңғыстаулық зиялы қауым алдымен соғыс қаhармандарының руxына тағзым етіп, «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Майданда құрбан болғандарды еске алып, бір сәт үнсіздік жариялады. Жиналғандар бүгінгі тәуелсіздік пен бейбітшіліктің туы астында қазақ болып бас біріктіру ата-бабаларымыздың ерен еңбегі екенін атап өтті. Келешек ұрпақ үшін олардың есімі ешқашан ұмтылмайтынын жеткізді.

Өңір басшысы Ералы Тоғжанов бастаған делегация заңғар жазушы Əбіш Кекілбаев ағамыз бен Фариза Оңғарсынова апамыздың зиратына барып, құран бағыштады. Қазақтың маңдайына біткен қос жұлдыздың бейітіне гүл шоқтарын қойды.  

«Әбіш Кекілбайұлы – аты аңызға, заты абызға айналған нар тұлға. Маңғыстаудың зор мақтанышы. Сондықтан жыл сайын мұндай шараны ұйымдастыру парызымыз», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ жиылған Әбіш Кекілбайұлының замандас достары мен жазушының жұбайы Клара Жұмабайқызы Әбіштің еңбегі де шығармалары да қазақтың әдебиетіндегі шоқтығы биік туындылар екенін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы