389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде қаланы абаттандыру жұмыстары қайырымдылықпен үйлестірілмек

  • 550
  • UPD: 11:30, 18.08.2017

Өскеменде қаланы абаттандыру жұмыстарын қайырымдылықпен үйлестіру көзделіп отыр.

Облыс орталығында 800-ге жуық «кәрі» ағаш кесіліп, дайын отын мұқтаж жандарға таратылатын болды. Жергілікті биліктің бұл шешімі қылышын сүйреп келе жатқан қытымыр қысқа тұрғындарды дайындауға негізделген. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арзан бағада көмір үлестіру дәстүрі де жалғасын табады. Қазір тиісті тізім жасалып жатыр.

Еске салайық, былтыр әлеуметтік көмірмен 8000 өскемендік отбасы қамтылған болатын.

Майраш Екібасова, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

– Отынға жарайтын ағаштарды шыбықтары мен жапырақтарынан ажыратып, жинайтын боламыз. Қысқы отынға мұқтаж азаматтар хабарласып жатса, көмектесеміз. Меніңше, бұл керемет бастама жалғасын табу керек.

Хабар 24 телеарнасы