385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» тілшісінің қайырымдылыққа аударған ақшасы 3 баланың еміне жаратылды

  • 623
  • UPD: 12:14, 18.08.2017

«Хабар» агенттігінің Нью-Йорктағы меншікті тілшісі Майра Әбдірахманова бірнеше ай бұрын президенттік сыйақыға ие болған еді.

Естеріңізде болса, ол 3 миллион теңге көлеміндегі ақшаны «Дом» қайырымдылық қорына аударған болатын. Енді сол қаржы үш науқас баланың еміне жұмсалды. Дәл сол уақытта астаналық Әлімхан Сәндібек, оралдық Вероника Цибизова мен тараздық бүлдіршін Ақнұр Нұрлыбайдың еміне қаражат жетпей тұрған еді. Қазір Әлімхан мен Вероника Оңтүстік Кореядан ем қабылдап, үйлеріне оралды. Ал Ақнұрға Ыстамбұлда операция жасалды. Қазір ол түрік дәрігерлерінің бақылауында.

Олжас Сәндібек, Әлімхан Сәндібектің әкесі:

– Оңтүстік Кореяның Сеул қаласына барды. Клиникада жатып, ем алды. Үш рет барғанның өзінде біз тек жолын ғана, барып-қайтуымызды ғана төледік. Қалған жататын жерінің ақшасын, аудармашының ақшасын, әрбір операцияның ақшасын барлығын ерікті-қайырымдылық қоры өздерінің мойнына алды. Солардың демеушілігімен барып, емделіп қайттық.

Аружан Саин, «Дом» қайырымдылық қорының директоры:

– Мұндай қадам қоғамда ешкімнің сыйлық үшін жұмыс істемейтінін, өзі таңдаған мамандығына деген адалдықты білдірсе керек. Ал егер күтпеген жерден сыйлыққа ие бола қалса, әркім өз қалауынша жұмсайды. Ал Майраның қорға аударған қаржысы үш баланы ауруынан сауықтырды.

Хабар 24 телеарнасы