378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау комиссиясы мүшелері саяси науқан кезінде ешбір партия құрамында болмауы тиіс

  • 599
  • UPD: 17:35, 18.08.2017

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саяси науқан кезінде төленетін жалақысын көбейту керек және бұл уақытта олар ешқандай партияның құрамында болмауы шарт.

Мұндай өзгерістерді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос ведомствоаралық комиссия отырысында ұсынды.

Оның айтуынша, бүгінде сайлау комиссиялары  науқанның өз дәрежесінде өтуі үшін бірнеше ай бойы атсалысып, оған 70 мың көлемінде ғана  ақша алады. «Болашақта оны  орташа 96 мың теңгеге көтеру керек», - дейді. Сондай-ақ Владимир Фоос «Сайлау туралы» және «Референдум туралы» Конституциялық заңға  енгізілуге ұсынылған бірқатар өзгерістерді атап өтті. 

Владимир Фоос, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары: 

- Біз дауыс берушілердің санына байланысты аймақтағы сайлау комиссияларының мүшесін көбейтіп, жүктеменің теңдей бөлінгенін қалаймыз. Сондай-ақ сайлау комиссиясы мүшелерінің жартысынан көбі бір мекемеден болмауы керек. Осы жайында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы үнемі ескертіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы