386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Бурабай жер жәннаты сияқты

  • 1019
  • UPD: 12:01, 22.08.2017

Елбасы Н.Назарбаев «Хабар» Агенттігінің тілшілеріне берген сұхбаты барысында ішкі туризмді дамыту мәселелеріне тоқталды.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан ешкімнен кем емес. Біздің де киелі жерлеріміз бар. Бірінші – қазақтың білетін жерлері. Екінші – жергілікті тұрғындар білетін жерлер. Үшінші – дүниежүзіне танымал жерлер. Есімізге ә дегенде Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі, Арыстан Баб, Отырар, Алтын адам шыққан жер түседі. Маңғыстауда мұражай сияқты жатқан даласы еске түседі. Атырауда Алтын орда хандарының жатқан жерлері бар. Орталықта қазақ хандарының жиналған жері Ұлытау еске түседі. Шығысқа барсақ, Берел дүниежүзіне белгілі болып келеді. Сондай дүниежүзіне көрсететін киелі жерлер бар. Ол алдымен ішкі туризмді дамыту үшін керек.

Қазір мүмкіндік болған соң жер шарын аралап, анда барамыз, мұнда барамыз. Бір қазақтан: «Сен осы Қазақстанның барлық жерін аралап шықтың ба?» – деп сұрап көрсең, ондайлар аз. Осы жылдар ішінде Қазақстанның мен бармаған түкпірі жоқ. Ауылдардың барлығын араламаған шығармын. Себебі 7500 ауыл бар. Әлемдегі ең танымал жерлерді көріп шыққан адаммын. Ал қазіргі ұрпаққа да, замандастарыма да айта аламын: мен қазір ешқайда барғым келмейді. Қазір Бурабайда отырмыз. Мұндай керемет жерді еш жерден көрмейсің. Жердің жәннаты сияқты. Көлі де бар, тауы да бар. Шығыс Қазақстанға барсаң, адамның аяғы баспаған жерлер бар. Ертістің суының 80%-ы өзіміздің өзендерден құралатынын көпшілік біле бермейді. Мұзтауға дейін барсаң, одан артық ләззат алатын жерлер аз. Алатаудың баурайы өз алдына. Тауды, даланы сүйетіндер үшін. Батыстың адамдары балаларын біздің баяғы киіз үйге тұрғандай қылып өсірсек деп армандайды. Ауқатты адамдардың өздері сөйтеді. Олар өмірдің, даланың не екенін білсе дейді. Сондай туризм бар. Ал біз оған әлі жеткен жоқпыз. 

Хабар 24 телеарнасы