387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көліктердің үлгісін жинаушы коллекционер үйінің бөлмесін музейге айналдырды

  • 720
  • UPD: 14:26, 23.08.2017

Солтүстік қазақстандық Юрий Родионов 600-ден астам көліктің шағын үлгісін жинаған. Коллекционер тіпті үйінің бір бөлмесін шағын музейге айналдырыпты. Жиған-терген дүниелерінің бәрі кеңестік кезеңнің машиналары екен. Мұнымен қатар ол ауыл шаруашылығы техникаларының моделін жасаумен де айналысады.

Шебер Юрий Родионов бос уақытында ауыл шаруашылығы техникаларының шағын үлгісін жасайды. Ол үшін тек қолда бар материалдарды ғана пайдаланады екен. Мәселен мынадай комбайнның моделін құрастыруға азамат шамамен бір жылын сарп етіпті. Себебі ол қозғалтқышпен дестелегіші сынды қосалқы бөлшектерін айнытпай салу қажеттігін айтады.

Шебердің әдеттен тыс әуестігі балалық шағынан басталған. 14 жасында оған ата-анасы «Ваз-2101» автокөлігін сыйға тартыпты. Сол кезден бастап кеңестік кезеңнің көліктерін жинап келеді. Бүгінде оның коллекциясы 600-ден асты.

Юрий Родионов, коллекционер:

- Аграрлы аймақта туған соң ба, ауыл шаруашылығы техникаларын жинағанды қатты ұнатамын.  Мына дүниелерге қарасам балалық шағым есіме түседі. Ал өзімде жоқ техникаларды қолдан жасауға тырысамын.

Иә бүгінде мұнда ретро көліктердің өзі бір төбе. Москвич, Жигули, Зопорожец сынды машиналар әр сөреде бөлек орналасқан. Жалпы айта кету қажет бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында Юрий секілді бес көлік жинаушы бар екен.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Коллекционер ең бір қымбат дүниесі мына бір «Победа» автокөлігі. Юрий мұны шашамен екі жылдан астам уақыт жинаған. Қалай дейсіздер ғой. Сериялық журналды сатып алу арқылы, мұның әрбір қосалқысы келіп отырған. Қазір бұл машинаға шамамен 70 жылдан астам уақыт болған. Салмағы жеті жарым келіні құрайды.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы