389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA-ға жұмысқа тұрған алғашқы қандасымыз Қазақстан мен АҚШ арасын жақындастыра түспек

  • 594
  • UPD: 15:29, 24.08.2017

АҚШ-тағы қазақ диаспорасының жетекшісі Дархан Нұрмағамбет 12 жыл бойы америкалық ғарыш агенттігінде қызмет істеді.

Ол НАСА-ға жұмысқа тұрған алғашқы қандасымыз. Жаңа технологияларды зерттей бастаған азамат туған өлкесін ешқашан естен шығармаған.

Вирджиния штатындағы бұл үйді жергілікті жұрт қазақтың шаңырағы деп атайды. Домбыра мен қобыздың үнін үзбейтін Дархан Нұрмағамбеттің дастарқанынан ұлттық тағам да кетпейді. Үй қожайыны 15 жыл бұрын Қазақ-Америка қауымдастығын құрып, диаспораға жетекшілік етіп келеді.

Дархан Нұрмағамбет, Қазақ-Америка қауымдастығының президенті:

– Мен Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келдім. 2002 жылы АҚШ-қа көштік. Қазір екі балам бар. Бізге жұмыс табу қиын болған жоқ. Өйткені Қазақстанда алған біліміміз осал болған жоқ. Өзім физик мамандығын игергенмін.

Ең алдымен Дархан швейцариялық компанияның өкілі болды. Ал жұбайы Аяулым «Оракл» компаниясының директоры қызметін атқарды. Кейін Ол АҚШ-тың аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасына жұмысқа орналасты. Оған пилоттық жобаларды әзірлеу міндеті жүктелді.

Дархан Нұрмағамбет, Қазақ-Америка қауымдастығының президенті:

– Мен өз көзіммен Шаттлдың ғарышқа жібергенін көрдім. Байқоңырға бардым. «Союз» бен «Кейп Канаверал» пилоттық жобаларына қатыстым. Еуропалық ғарыш агенттігімен ынтымақтастық орнаттық. 12 жыл ішінде саладағы үздік мамандармен танысып үлгердім.

Кейіпкеріміз ғарыш стансаларында болған көптеген түйіткілді шешуге атсалысты.

Дархан Нұрмағамбет, Қазақ-Америка қауымдастығының президенті:

Америкада ғарыш саласы кәсіпкерлікпен тікелей байланысты. НАСА «Боинг» компаниясының тапсырыстарын орындады. Илон Маск басқаларға қарағанда, бұл жобаға әлдеқайда аз қаражат жұмсады. Менің ойымша, қазақстандық ғалымдар да оны жүзеге асыра алады. Сондықтан бір орында тұрмай, тек алға қарай жылжып, автоматтандыру технологиясын дамыту қажет.

Шетте жүрген қандастарымыз Қазақстанмен байланысын үзген емес. Қазақ-Америка қауымдастығын ашқаннан кейін бұл отбасы жергілікті диаспорамен бірге ұлттық мерекелерді тойлап, кішігірім мектеп ашты. Ал жұбайы Аяулым «Балауса» хорын құрды. Бұл музыкалық ұжым қазір ел арасында үлкен танымалдыққа ие. Қазір олар түрлі сахналарда өнер көрсетіп жүр.

Дархан Нұрмағамбет Қазақ-Америка қауымдастығының президенті:

– Бұрынғы Кеңес одағының мүшелері маған үнемі бір сұрақ қояды. Оларды менің Америкаға көшу себебім қызықтырады. Қазақстанда өмір жақсы ғой, неге мұнда келдің дейді.

Дарханның шаңырағы астында жиналғандар туған өлке бейнеленген көріністерді де тамашалай алады.

Дархан Нұрмағамбет Қазақ-Америка қауымдастығының президенті:

– Мына екі домбыра өте ескі. Алмагүл Меңлібаеваның еңбектерін көруге болады. Бапановтар отбасы мен бірінші қазақ суретшісі Айша Ғалымбаеваның туындылары да бар.

Енді отандасымыз Қазақстан мен АҚШ арасында заман талабына сай технологияларды қолданып, тығыз байланыс орнатуды көздеп отыр.

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы