386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар конституциялық реформаны Қазақстан дамуындағы жаңа кезеңге теңеді

  • 482
  • UPD: 20:44, 24.08.2017

Билік тармақтарын бөлу – ел дамуының жаңа кезеңі. Сот жүйесіндегі өзгерістер де уақыттың талабы. Сарапшы мамандар Елбасы Бурабайдағы сұхбатында көтерген басты мәселеге қатысты өз ойларын білдірді.

Арқада Бурабайға жер жетпейді, Басқа жер ойды ондай тербетпейді. Елбасының бертінде берген сүбелі сұхбаты ақын Мағжанның бұл жыр жолдарын растап тұр. Бурабай баурайында ел тағдыры, дамуына қатысты құнды көп ойды Президенттің өз аузынан естідік. Ширек ғасырда Қазақстан талай асудан асып, сан белестерді бағындырды. Нұрсұлтан Назарбаев жеткен жетістікке тоқмейілсімей, заман ағымына қарай даму біздің басты бағдарымыз екенін қадап айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы сделали новые реформы, когда 35 полномочий Президента, прописанные в конституции переданы были Парламенту, Правительству. Третье, верховенство закона. Приняты изменения в законы сейчас и ответственность судей, обращение людей, открытое обсуждение.

Ашық қоғамның іргетасы қаланған жас елміз. Билік тармақтарын бөлу, президенттің өз өкілдіктерін үкімет пен парламентке жүктеуі биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырды. Конститутциялық кеңестің төрағасы Игорь Роговтың ойынша, демократиялық мемлекетке уақытылы осындай жаңғыру қажет.

Игорь Рогов, ҚР Конституциялық кеңестің төрағасы:

- Конститутцияның тұрақты болғаны дұрыс па, әлде дамуы қажет пе? Осы сұрақты көпшілігі қояды. Әрине, екеуі де маңызды. Бір шетінен елдің дамуы құқық жүйесінің инновациялық тұрғыда дамығанын қажет етеді. Сондықтан конститутциялық реформа дер кезінде жүзеге асырылған бастама.

Қабдулсамих Айтқожин, заң ғылымдарының докторы:

- Еліміз демократиялық реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Билік тармақтарын бөлу Парламент пен Үкімет жұмысына одан сайын серпін береді. Сондықтан Президенттің бұл бағыттағы саясатын сарапшылар бірауыздан қолдап отыр.  

Сот жүйесіндегі өзгерістер де салаға серпіліс жасады. Адам тағдырына төрелік ететін судьяларға бұқараның сенімі еселенді. Ал оларды бұл қызметке тағайындауда талап күшейді. Осылайша, еліміз жариялы, ашық қоғам бағытынан таймай, нық келеді.

Төлеш Қаудыров, профессор, заң ғылымдарының докторы:

- Мемлекет басшысы сұхбатының бір бөлшегі  осы сот жүйесіне заң саласына бөлінді.Склейка. 49 Қалың мамандар елбасының сөзін қолдап, бір ауыздан қосылады. Неге десеңіз  ең бірінші бізде әділ сот болуы керек бізде. СклейкаӘділ сот деген заңды екіншіден бюрократиясыз тезқаралатын, дер қаралатын сотпа деп ойлаймыз.Сот жүйесі бүгінде өз істерін жақсы атқарып келе жатыр.

Анар Жайылғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тағы да бір үлкен мәселе адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конститутциялық деңгейге көтерілуі. 55-ші бапқа өзгеріс енгізу арқылы уәкілді енді сенат тағайындайтын болады. Сондықтан осының барлығы сот жүйесіне қатысты үлкен өзгерістер. 

Бәйтеректің мәуелі болып жайқалуы тамырынан. Қазақстан секілді жас ел маңызды реформаларға батыл барып отыр. Елбасының бүгінгі ұстанған бағдары елдің кемел келешегінің кепілі болмақ.

Авторы: Асқарбек Қазанғап

Хабар 24 телеарнасы