384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алғашқы «Astana Vine Fest 2017» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

  • 564
  • UPD: 13:54, 27.08.2017
Алғашқы «Astana Vine Fest 2017» фестивалінің жеңімпаздары анықталды astana.gov.kz

Әлеуметтік-мәдени жоба жастар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауға бағытталған.

Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

Қазақстанның «Batyroff», «Yurframe», «Nagimuwaa», «ХаХа_Show» секілді белгілі вайнерлері 5 аталым бойынша алдын ала берілген тақырыптарда өз жұмыстарын (вайндарын) ұсынды.

Фестивальдің ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

«Біз «Astana Vine Fest 2017» вайнерлердің алғашқы фестивалі қызықты жастар жобалары ішінде өз орындарын алатынына сенгіміз келеді. Астана қаласы әкімдігінің атынан фестивальдің барлық қатысушыларына алғыс білдіремін. Бүгін біз үлкен креативті жұмыстардың куәгері болып, лайықты қатысушылар жеңімпаз атанады деп ойлаймын», деді фестивальге қатысушылар мен қонақтарға Ермек Аманшаев.

 

Бірінші вайнерлер фестивалінің әртүрлі номинациялар бойынша Т_Jokers – «Жылдың үздік ролигі», Meirzhan_Bas_Production – «Үздік ер рөлі», Nagimuwaa – «Үздік әйел рөлі», Azimakula – «Үздік эпизодтық рөл», Togy_Dell – «Халық таңдауы» жеңімпазы атанды. Фестиваль жеңімпаздарына естелік сыйлықтар мен 300 мың теңге көлемінде фестиваль демеушілерінен ақшалай жүлделер табысталды.

Хабар 24 телеарнасы