386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұмауға қарсы 1 жарым млн доза вакцина қазақстандық ауруханаларға қыркүйекте түседі

  • 469
  • UPD: 16:19, 28.08.2017
Тұмауға қарсы 1 жарым млн доза вакцина қазақстандық ауруханаларға қыркүйекте түседі

Дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» 2017 жылғы эпидемиологиялық маусымға 1 жарым миллиондай дозада тұмауға қарсы вакцина сатып алды.

Бірыңғай дистрибьютор басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуынша, вакцинаның мұндай көлемін жеткізуге шарт тендер қорытындылары бойынша 2016 жылдың қараша айында жасалып қойған. Халықтың неғұрлым осал тобына тегін вакцинация жасау үшін мемлекет 1,2 млрд теңгеден аса қаражат жұмсады.

«Сатып алуларды жүзеге асыру өткен жылдың күзінде орын алған болатын, алайда жеткізу ол бастан эпидмаусымның ең басына, яғни 2017 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Қазір осы мезгіл жетті және жақын арада өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына вакцинаны түсіру жұмыстарын бастайды», деп түсіндірді Максим Касаткин.

Ол сонымен қатар егер қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда өнім беруші қазақстандықтар үшін тағы да жарты млн дозаға дейін вакцина жеткізе алатынын хабарлады.

Айта кету керек, біздің елімізде тұмау вирусынан халықты вакцинациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Вакцинациямен қамту арқасында Қазақстанда ЖРВИ және тұмау аурушаңдығы 2006 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде үш жарым еседен астамға төмендеді.

«Самұрық-Қазына» құрылымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютордың функцияларын жүзеге асыру сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының тұрақтылығын арттыру және бәсекеге қабілеттілігі мақсатында Қазақстанның фармацевтикалық саласының, тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 2009 жылдың ақпан айында «СҚ-Фармация» ЖШС құрылды. Кейінірек компания 2013 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Хабар 24 телеарнасы