383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның Зайсан ауданында ет комбинаты іске қосылады

  • 732
  • UPD: 11:38, 29.08.2017

Зайсан қаласында ет комбинаты іске қосылады.

Шығыс Қазақстан облысындағы жылына 330 тоннаға дейін ет өңдейтін кәсіпорынның өнімдері негізінен экспортқа шығарылады. Қазір мал сою цехы мен зертхана жұмысын бастап кеткен. Мұнда жергілікті тұрғындар еңбек етіп жатыр. Алдағы уақытта қосымша құрал-жабдықтар орнатылып, жоғарғы сапалы ет өнімдерін өңдейтін цехтар іске қосылады. Ал, мемлекет  инфрақұрылымдық жүйелер тартуға кеткен қаражаттың жартысын субсидиялайды. 

Азамат Жанымхан, ет комбинатының өндірістік директоры:

- Болашақта осы жерден ет өнімдерінен консерві және колбаса жасауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда нақты ашылған жұмыс орны 8 адамға, болашақта 20-25 адамға жұмыс беруді көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы