376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы Түйемойнақ аралында бейбітшілік акциясы өтті

  • 1097
  • UPD: 13:31, 29.08.2017

Осыдан 26 жыл бұрын дәл осы күні Семей полигоны жабылған еді. Осыған орай Семейдің Түйемойнақ аралындағы «Өлімнен де күшті» деп аталатын мемориалдық кешенде дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті. Оған 5 мыңнан астам адам қатысып, әлемге Қазақстанның ізгі ниетін тағы бір паш етті.

Болат Көкенайұлы, тілші:

- 29 тамыз Қазақ елі үшін қасіретті де қасиетті күн. Тап осы күні Семей сынақ алаңындағы алғашқы ядролық жарылыс жасалса, 1991 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен аждаһаның үні өшті. Сол үшін де семейліктер жыл сайын Түйемойнақ аралына жиналуды дәстүрге айналдырған. 

Биыл да ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды. Мұнан кейін қала басшылығы, қоғамдық белсенділер сөз алып, күллі әлемді тыныштыққа шақырды. Шетелдік қонақтардан Нагасаки университетінің вице-президенті, Семей қаласының «Құрметті азаматы» – Шуничи Ямашита мырза Қазақ елі мен оның Президентінің бүгінгі ізгі жолына зор құрметі мен ыстық ықыласын жеткізді.

Берік Көпбаев, «Семей-Невада» халықаралық антиядролық қозғалысының мүшесі:

- 29 тамыз барша адамзат баласы үшін соның зардабын шеккен семейліктер, абайлықтар, абыралылықтар үшін ерекше қасіретті күн. Жылда осы жерде Президентіміздің бастамасымен бүкіл дүниежүзіндегі атом бомбасын тоқтату жөніндегі көтерілген үндеуге байланысты арнайы Біз Атом бомбасына қарсымыз деген үлкен халықаралық шара Семей қаласында өтеді.

Нұркен Бектасов, ақын, жазушы:

- Өзім биыл 3-рет қатысып отырмын. Әр қатысқан сайын ерекше әсерде қаламын. Неге десеңіз, білмеймін, өзіме ерекше қуаныш, ерекше бақыт сыйлайды. /СКЛ/ Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және полигонның 20 жылдығына орай «Қара бұлт» және «Тәуелсіз өмір» деген 2 ән арнағам. Екеуі де рэп стилінде.

Отантай Кәрібжанов, Халықаралық Абай Құнанбаев атындағы қоғамдық қордың президенті:

- Абай атамыз армандап кеткен ел тыныштығы, ел берекесі – Елбасымыздың саясаты, еліміздің тыныштығы бүгінгі мынау акцияда айтылып жатқан көптеген тілектер, сөздер соның барлығы да бүкіл жер жүзіне жетеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы