384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда депутаттар мен ҚХА мүшелері балаларға тарту жасады

  • 532
  • UPD: 14:08, 29.08.2017

Алматы қалалық мәслихат депутаттары мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері де жасөспірімдерді уақытша ұстау орнындағы балалардың мектепке дайындығымен танысты.

Демеушілер  тарапынан балаларға мектепке қажетті киімдер мен сыйлықтар табысталды. 18 балаға арналған мекемеде қазір 15 бүлдіршін тәрбиеленеді. Мұнда жеті мен он төрт жас аралығындағы жасөспірімдер алты айға дейін тұра алады. Осы уақыт ішінде әлеуметтік жағдайы дұрысталса ата-анасына тапсырылады немесе балалар үйіне жіберіледі.

Абдулла Исматуллаев, қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы: 

- Барлық жағдай жасалған, бәрі жеткілікті. Бірақ сонда да оларға назар аудару керек. Сол үшін сол мақсатпен келдік. Кейбір мүгедектерге сыйлықтарын тапсырдық. Біз қолдан келгенше осындай іс-шараларды көбейту ойындамыз.

Хабар 24 телеарнасы