383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер халықаралық конференцияда қызу пікірталасқа арқау болды

  • 419
  • UPD: 15:18, 30.08.2017

Елордада басталған «Конституция және қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы» атты халықаралық конференция бүгін өз жалғасын тапты.

Ата Заң мерекесіне арналған жиында қазақстандық және шетелдік 100-ге тарта баяндамашы ғылыми-тәжірибелік бағыттағы өзекті ойларымен бөлісті. Әсіресе еліміздің Конституциясына енгізілген өзгерістер қызу пікірталасқа арқау болды. Сондай-ақ бұл жолғы реформалардың қоғам мен құқықтық негіздерді жаңғыртып, Ата Заңның рөлін күшейте түскені айтылды. Жалпы қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелер сан алуан. Мәселен, Германиядан келген судья адам құқықтарын қорғау жайын жан-жақты сөз етсе, қырғызстандық фемида өкілі өз елінде қабылданған заң нормаларына тоқталды.

Еркінбек Мамыров, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты Конституциялық палатасының төрағасы:

– Бүгінгі жиында біздің елде 2010 жылы болған конституциялық реформалар жайында сөз қозғадық. Сондай-ақ оған 2016 жылы енгізілген өзгерістерді ортаға салдық. Кез келген елдің Ата Заңы қоғам дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы жоғары дәрежеде қорғалуы тиіс. Бұл орайда Қазақстан жасаған қадамдардың маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы