386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» халықаралық бизнес конференциясы өтті

  • 586
  • UPD: 20:01, 30.08.2017

Еліміздегі әрбір әйел өзін саясатта, бизнес пен ғылымда көрсете алады. Оған мүмкіндік бар. Астанада өткен «Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық бизнес конференцияда сенатор Дариға Назарбаева осылай деді. Ол нәзік жандылардың ерлерден еш қалыспай, өз істерін жауапкершілікпен атқарып жүргенін де тілге тиек етті.

Бизнес-конференцияға жиналғандардың қай қайсы да ел экономикасының дамуына үлес қосқан кәсіпкер әйелдер. Олар жиі бас қосып тұруға асығады. Өйткені, мұндай шаралар тәжірибе алмасып, рухани дамуға септігін тигізеді. Айналаңа сеніммен қарауды үйретеді. Ең бастысы Іскер әйелдер қауымдастығының «жас қанаттары» пайда болды. Ал оларды қолдау үшін сенатор Дариға Назарбаева арнайы келді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қауымдастықтың жастар қанатын ашуы дер кезінде қолға алынған шара. Шын мәнінде бүгінде жастардан үйренеріміз көп. «Жас қанаттары» ересектерге соңғы буынды цифрлы технологияларда білімдерін шыңдап, делдалдар мен қажетсіз шығындарды айналып өту арқылы бизнес жүргізуге көмектеседі деп үміттенемін. Бұл тұрғыда баршамыз үшін үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр. Бүгінде әлеуметтік желілер бизнес жүргізуге жақсы жағдай жасады.  14-17 жастағы балалар  үйде компьютер алдында отырып, табыс тауып отырғаны мәлім. Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған.

Сенатор студенттерге арналған үздік бизнес жобаларға байқаулар өткізу керектігін айтты. Осы мақсатта жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін кәсіпкерлік негізі бойынша оқу бағдарламаларын енгізу керек. Мектеп пен студенттік командалар арасындағы жеңімпаздарды анықтап, үздік бизнес жобаларды іске асыру үшін гранттар бөлген дұрыс.  Бұл бастаманы шараға қатысушылар да қолдады.

Алмашева Манат, кәсіпкер /Қызылорда/:

- Бизнес конференцияның ерекшелігі біздің қауымдастыққа жастарымыз қосылып жатыр арамызға. Мен өзім Қызылордадан келіп тұрмын. Жеке кәсіппен айналысамын. Осы 16 жылдан бері осы қызметте жұмыс істеп келе жатырмын.

Гүлдана Рахметова, кәсіпкер /Қызылорда/:

- Бүгін жас қанаттар құрамы құралып, соның әрі бір мүмкіндігін пайдалануға, бизнес саласында ілгерілеуге, дамытуға көрсетуге байланысты іс -шаралар, іс тәжірибе алмасу өтіп жатыр.  Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

Конференцияға қатысқан  әйелдер қауымы  бизнестің не екенін жақсы біледі. Тиыннан тиын құрап сауда жасап жүрген кездерін ұмыта қоймағаны анық. Олардың бизнеске араласуы сонау 90-жылдардан басталады. Ал бүгінде ерлермен иық тіресіп, кәсіпкерліктің бел ортасында жүр. Олардың ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі – 40 пайыз. Осының өзі нәзік жандылардың қоғамдағы ролін айшықтайды.   

Авторы: Әсел Тұмашқызы

Хабар 24 телеарнасы