Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Қабанбай батыр даңғылы бойынша бесжолақты қозғалыс енгізілуде

  • 533
  • UPD: 13:43, 31.08.2017
Елордада Қабанбай батыр даңғылы бойынша бесжолақты қозғалыс енгізілуде West Bridgford Wire

Астана қаласының әкімдігінде тұрақты түрде қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен елорданың көліктік кешенін дамыту бойынша жиналыс өтіп тұрады.

Сондай отырыстардың бірінде көше жолдары жүйесіндегі жүктемені азайту үшін нақты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар Қабанбай батыр даңғылы бойында жол қозғалысын ұйымдастыру талқыланды.

Күн суығанша қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ қаланың көше жолдарындағы жүктемені азайту аясында Қабанбай батыр даңғылы бойында Сығанақ көшесінен орамды жол айрығына дейінгі аумақта «Bus lane» қоғамдық көліктері үшін қолданыстағы жолақтарды сақтай отырып, бесжолақты қозғалыс енгізілуде. Даңғылдың геометриялық параметрлері белгіні өзгерте отырып, бұл шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда бұл жер арқылы 27 бағыт 340 мың адам жолаушылар ағынын қамтып өтеді. «Bus lane» жобасы бағыттардың тиімділігін 25%-ға арттырып, өзінің шарапатын тигізді. Күту уақытымен, жолдағы уақытты қысқартып, автобустарды пайдалану мерзімін ұзартты.

Қабанбай батыр даңғылы бойынша көлік құралдарының көптігі тәулігіне 46 мыңға жуық бірлікті құрайды. Аталған учаскеде қаладан шыға берісте жиі кептеліс орын алады. Осыған байланысты қаладан шыға беріс бағытта қосымша жолақ салу шешімі қабылданды. Айта кету керек, жаңа оқу жылының басынан қалада трафик қарқыны 15%-ға ұлғаяды деп күтілуде.

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы