384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана жұртшылығы құрбандық шалып, Айт намазын оқыды

  • 487
  • UPD: 17:16, 01.09.2017

Қасиетті Құрбан айт мерекесінде мұсылмандық міндетін орындаушылар қарасы биыл да көп.

Елордамыздың орталық базарына келген жамағат қасапшылардың көмегімен құрбандық шалып, Айт намазын оқыды. Сондай-ақ сойылған малдың етін сараптамадан өткізу зертханасы да қызмет көрсетті. Айта кетейік, тоқты 27 мың теңгеге сатылса, қошқар 42 мың теңгеге бағаланды.

Мамыр Қасымов, Астана тұрғыны:

- Бүкіл мұсылман қауымын біріншіден Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Шалып жатқан құрбандықтары қабыл болсын! Ниеттері түзу, адал жандар әр уақытта да табылады. Біздің мұсылман қауымы еш уақытта өзінің жетімдерін, жесірлерін жылатпаған. Мінеки сол ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүр бойынша қазіргі таңдағы халқымыздың шын пейілдері, ниеттерін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Хабар 24 телеарнасы