383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық оқушылар этноауыл жобасын жасап шықты

  • 764
  • UPD: 20:31, 01.09.2017

Құрбан айт мейрамында маңғыстаулық оқушылар ойлап тапқан көшпелі этноауыл қазығы теңіз жағалауына қағылды.

Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің оқушылары жұрт жиі баратын жағажайға ақ шатырлардан ұлттық нақыштағы дәмхана орнатуды жоспарлап отыр. Мұнда балаларға арналған күркелер, спорт алаңқайы да бой көтереді. Сондай-ақ жеткіншектерді қолөнерге баулу сабақтары өтетін киіз үйлер орнатылмақ. Тәулігіне 400 адам қабылдайтын этноауыл күн мен желден қуат алады. Ал қыс келгенде құрылымдары тез жиналып алынады. Аумағы 40 мың шаршы метрден асатын жоба құны 20 млн теңге. Ауыл әкімдігі өнертапқыш балалардың бастамасын құптап, инвесторларды іздестіріп жатыр.

Ғимран Мүсіров, Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімі:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жүзеге асатын Түпқараған ауданы, 4-ші квартал елді мекенінде орналасатын жиналмалы балаларға арналған жазғы лагерьдің жобасы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің алаңында этноауыл жобасы жасақталған болатын. Бұл жоба тек бір ауысымда ғана болады, яғни үш айлық көлемінде. 10 күнде 250 баланы қамтиды.

Әбіш Шүкірбай, 11 сынып оқушысы:

- Жималмалы, көшпелі шатырда барлығы да қазақы нақышта өрнектелген. Сонысы маған қатты ұнады және балалардың демалыс орындары, алаңы бар. Теңіз жағасы, таза ауада және керек кезде құрып, жинауға болады. Болғаннан соң, жинап алып кетеді. Шағын және тиянақты болып келеді.

Хабар 24 телеарнасы