384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді СҚО тұрғындары қалаған емханасы мен дәрігерін таңдай алады

  • 450
  • UPD: 07:39, 02.09.2017
Енді СҚО тұрғындары қалаған емханасы мен дәрігерін таңдай алады BNews.kz

Ол үшін тиісті мекемеге барып тіркелу керек.

Жүзеге асыру үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 125 млн теңге қаржы аударылды. Бұл науқан 15 қыркүйектен басталады.

Петропавлдағы №1 ауруханада 67 мыңдай адам тіркеуде тұр. Емдеу мекемесі жаңа жүйені түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Қазір дәрігерлер үйлерді аралап жүр.

Светлана Кашенцева, қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері:

– 15 қыркүйек пен 15 қараша айлары аралығында адамдар тіркеліп қана қоймай, емдеу мекемесі мен дәрігерін таңдайды. Сонымен қатар әлеуметтік мәртебесін анықтап, ол үшін жарнаны кім төлейтінін біле алады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 500 мыңдай адамның әлеуметтік мәртебесі мәлім. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына жүгінген жөн. Мұнда сізге жұмыс та тауып береді.

Еркебұлан Шәймерденов, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

– Осы соңғы 3 ай ішінде жұмыс іздеумен болдым. Жұмыспен қамту орталығына жүгініп, мұндағы мамандар жұмыс ұсынды. Менің қазіргі қорыма жұмыс берушім қаражат аударып, келесі жылдың 1 қаңтарынан сол қаржыға тегін емделе аламын.

1 шілдеден жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жарнасын төлей бастады. Ал мүгедек, зейнеткер, балалар мен студенттер секілді 14 санаттағы адамдарға медициналық көмек тегін көрсетіледі.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы