389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 27 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

  • 808
  • UPD: 13:33, 02.09.2017

Барлық білім мекемелері жаңа оқу жылына сақадай сай.

Облыстағы үздік оқу ордасының бірі Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты күрделі жөндеуден өткізіліп, бүгін күміс қоңырау күмбіріне бөленді.

Нұрмақов атындағы мектеп-интернаты көптілділікпен аймақта көш бастап тұр. Үш тілдік білім бағдарламасын осыдан 7 жыл бұрын енгізген мектеп-интернатта қазір 6 пән ағылшын тілінде жүргізіледі.

Дәл қазір өтіп жатқан Білім күніне арналған салтанатты шарадан кейін оқушыларды тосынсый күтіп тұр. Биыл мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, оқушыларға футбол мен жаттығу алаңы салынған болатын.

Сейфулмалик Сұлтанов, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының директоры:

– Бүгінгі таңда оқушылар мәре-сәре болып жатыр. Өздерінің сүйікті футбол, баскетбол ойнайтын жаңа алаңдарын көріп, қуанышты сезіммен жүр.

Ал жаңадан ашылған «Интеллектум» кабинетінде оқушыларға 30-дан астам ойын жиынтығы даярланған. Бұл ақыл-ой ойындары балалардың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

Нұрмақов атындағы мектеп-интернат балаларды 5-сыныптан бастап қабылдайды. Олар бірнеше турдан тұратын емтихан тапсырады. Айта кету керек, бұл білім ордасында республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары аз емес.

Хабар 24 телеарнасы