384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биылғы 1, 2, 5, 7-сыныптар білім берудің жаңа мазмұнына көшеді

  • 1396
  • UPD: 14:59, 02.09.2017

Ал басқа сыныптар жаңа бағдарламаға алдағы 3 жылда кезең-кезеңімен қосылатын болады.

Бұл туралы Астанадағы №80 мектеп гимназиясының алғашқы қоңырау салтанатына қатысқан еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Сонымен қатар 5 күндік оқу жүйесі енгізіліп жатыр. Соған байланысты сабақ өткізу уақыты 5 минутқа қысқартылып, 40 минут болды. Айта кетейік, аталған гимназияда биыл 1-сыныпқа 250 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Жалпы бұл білім мекемесінде 1 мың 400-ге жуық оқушы дәріс алады.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

–Биылғы оқу жылында үлкен өзгерістер болуда. Ең маңызды шешімдер бойынша былтырғы оқу жылында қабылданды. Енді тек қана оны әрі қарай жалғастыратын боламыз. Жұмыстарымыз қиын емес. Мұғалімдер де дайын. Оқулықтар да жеткілікті.

Гүлмира Жәрменова, қалалық №80 мектеп-гимназиясының директоры:

– Жазда біздің 90 пайыз мұғалімдеріміз жаңа білім мазмұнындағы оқу курстарын бітірді. Жалпы біздің мектеп гимназияда мұғалімдердің 4 пайызы біліктілігін арттырып, 1, 2, 3 деңгейдегі бағдарлама бойынша оқып келді. Биылғы жаңашылдыққа информатика, химия, биология мұғалімдері толық дайын.

Хабар 24 телеарнасы