384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық ұланның Орталық оркестрі «Қазан фанфарлары» халықаралық байқауынан олжалы оралды

  • 811
  • UPD: 18:10, 02.09.2017
Ұлттық ұланның Орталық оркестрі «Қазан фанфарлары» халықаралық байқауынан олжалы оралды

Татарстан Республикасы күнін меркелеуге байланысты тамыздың 25-26 аралығында Қазан қаласында ұйымдастырылған «Қазан фанфарлары-2017» атты V халықаралық музыкалық фестивалін қырық мыңға жуық адам тамашалады.

Ұлттық ұланның әскери оркестрлері аталмыш шараға екінші мәрте қатысты. Осы жылы Татарстан астанасын өз өнерімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетімді оркестірі қуантты.

Оркестрдің концерттік бағдарламасында қазақ ұлттық музыкасы мен әуендері, заманауи және классикалық композициялар орын алды. Әсіресе оркестр дефиле орындаған сәтте  көрермендердің сүйіспеншілгіне ерекше бөлене білді.

Екінші жыл қатарынан осындай маңызды шараға шақырылуы – Ұлттық ұланның әскери оркестрінің кәсіби шеберлігіне берілген жоғары бағаның белгісі.

Аталған фестивальге жалпы саны жиырма өнерпаз ұжым қатысты. Олар Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі, Мәскеу қаласынан келген Ресей ІІМ «Эльмет» әскери оркестрі және  Нижний Новгород, Киров, Богородск қалаларынан келген әскери оркестрлер мен өзге де шетелдік шығармашылық ұжымдар.

Ыстамбұлдан арнайы келген «Мехтер» тобы өздерінің шығыстық әуендерімен сайыстың көркін қыздырды.

Барлық қатысушылар бағдарламарын қызықты етіп дайындаған екен. Топтардың орындауында ескі және жаңа вальстер мен хит өлеңдер тыңдармандарды тәнті етті.

Фестиваль соңы Құл Шәріп мешіті алдындағы алаңда мерекелік саптық концертке ұласты. Мерекелік шара қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның әскери оркестрі «Қазан фанфарлары-2017» халықаралық музыкалық фестивалінің дипломымен марапатталды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы