386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалықтар МӘМС бойынша 80 млн теңгеден астам ақша аударды

  • 443
  • UPD: 08:34, 04.09.2017

Ақмолалықтар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына небәрі 1 жарым айдың ішінде 80 млн теңгеден астам жарна аударған. Қазір аймақта аталған жүйені халыққа түсіндірудің екінші кезеңі аяқталуға жақын. Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін өңір тұрғындарының 90 пайызға жуығына сақтандыру жайлы мәлімет берілді. Қазір облыста әлеуметтік-медициналық қызмет көрсететін 200-ге жуық емдеу мекемесі бар. Сондай-ақ аймақта арнайы комиссия да құрылған. Оның қызметі – аталған жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау.

Нұрлан Ахылбеков, қордың облыстық филиалының жетекшісі:

- Әр облыста әртүрлі. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында өндірістік кәсіпорындар өте көп. Ал Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары аграрлы аймақ болғандықтан, күзгі жиын-терім жұмыстары біткеннен кейін жарна төлеушілердің қатары артады деп, күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы