376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 12 мыңдай өндірістік кеңес құрылды

  • 975
  • UPD: 14:43, 07.09.2017

Енді кәсіподақтар жұмыс берушіге өндірістік кеңестер арқылы әсер ете алады. Себебі «Кәсіподақ туралы» жаңа заң аясында әрбір кәсіпорында өндірістік кеңес құрылды. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде 12 мың осындай кеңес құрылған. Онда қауіпсіздік шараларына қатысты барлық шешім міндетті түрде орындалады. «Ол үшін өндіріс орындары теxникалық құрал-жабдықтарын жаңартуға міндетті», – дейді кәсіподақ төрағасы.

Айта кету керек, бүгін Астанада «Сананы жаңғырту» атты республикалық форум басталды. Онда кәсіподақтың келешегі мен жетілдіру жолдары талқыланып жатыр. Ал еліміздегі кәсіподақ федерациясының 2 миллионға жуық мүшесі бар. 

Әбілғазы Құсайынов,ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

– Қазір ең басты мәселе – бәсекелестік. Осының төңірегінде біз бүгінгі күні сана-сезімімізді өзгертуіміз керек. Осы жолдарды талқылап, жаңа бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жаңа «Еңбек кодексінің» әрбір бабы орындалуы қажет. Осыны талқылаймыз. Оған қоса қарапайым халықпен жұмыс жасау керек, олардың құқықтарын қорғау қажет.

Хабар 24 телеарнасы