389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг «Хабар 24» арнасын 5 жылдық мерейтойымен құттықтады

  • 854
  • UPD: 13:04, 08.09.2017

Неміс Бундестагының депутаттары еліміздің басты ақпараттық телеарнасын 5 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Андреас Янның айтуынша, «Хабар 24» арнасы Германияда да танымал. Негізгі көрермені депутататтар, кәсіпкерлер мен диаспора өкілдері. Неміс саясаткері елдің басты ақпарат құралы атағынан айырылмауды тілеп отыр.

Андреас Ян, халықаралық істер жөнінде Бундестаг комитетінің хатшысы:

– Шын жүректен сіздерді 5 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. «Хабар 24» арнасы таратқан ақпараттар мен алған бағыты Орталық Азия аймағы үшін өте маңызды. Сіздің арна өз көрерменін елдегі және шет мемлекеттердегі жаңалықтармен дер кезінде таныстырып, халықаралық ЕХРО көрмесі мен Сирия бойынша келіссөздер секілді маңызды оқиғалар туралы да жан-жақты ақпарат беріп жүр. Германия мен әлемнің өзге де елдерінде жұмыс істейтін тілшілерге тек жақсылық тілеймін. Әрине телеарнаның өзге тілдерде де ақпарат тарата бастауын асыға күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы