386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ХІ Kaznergy Еуразиялық форумында энергия ресурстарын дамыту пысықталды

  • 481
  • UPD: 22:12, 08.09.2017

Дәстүрлі және баламалы қуат өндірушілер Қазақстанның энергетикалық стратегиясын бірлесе құруды көздеп отыр. Бүгін мұнай-газ секторы мен «болашақ энергияның» өкілдері 11-ші Kaznergy Еуразиялық форумында бас қосып, елімізде энергия ресурстарын дамытуды пысықтады.

Алқалы жиынға Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қатысты. Келелі кеңесте халықаралық сарапшылар энергия теңгерімінде қара алтын мен газдың рөлі маңызды болып қала бермек деген пікір айтты. Өйткені бүгінде Қазақстан көмір өндірісі бойынша әлем елдері ішінде бірінші ондыққа кіреді. Ал мұнай өндіруде – алғашқы жиырмалықтың ішіндеміз. Соңғы 25 жылда мұнай өндірісінің көлемі 4 есеге артқан. Дегенмен жаңартылатын энергияға көшу басты міндет.

Арман Қашқынбеков, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры:

– Әлемде мұнай-газ бен көмірдің алатын орны бөлек. Бірақ Венесуэла, Бразилия, Біріккен Араб Әмірліктері секілді бірқатар ел бүгінде «жасыл экономикаға» көшіп жатыр. Біз де қалыс қалмаймыз. EXPO көрмесінен кейін бұл жерде Халықаралық жасыл технологиялар орталығы өз жұмысын бастайды. Оның міндеті жасыл бизнеске көшу. Осылайша, 2020 жылға қарай жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 3 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Бұл Елбасының тапсырмасы.

Хабар 24 телеарнасы