384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада МӘМС жүйесін енгізу мәселесі талқыланды

  • 418
  • UPD: 22:25, 08.09.2017

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді кемінде 2-3 жылға шегеру қажет. Бұл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің ұсынысы.

Бүгін Астанада осы тақырыпты қызу талқылаған басқосу өтті. Министрлік өкілдері, кәсіпкерлер мен депутаттар медициналық сақтандыруды енгізудің тиімді жолдарын қарастырды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, еліміздегі емханалар мен ауруханалар сапалы қызмет көрсетуге дайын емес. Көбі дәрі-дәрмек пен дәрігерлік техникамен қамтылмаған. Сонымен қатар денсаулық саласына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы да тексерілсін деген ұсыныс айтылды.

Юлия Якупбаева, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

– Аймақтарды медициналық жүйемен қамту небәрі 54 пайыз, медициналық техникамен қамту 45-70 пайыз шамасында болып тұр. Сондықтан денсаулық сақтау саласын электронды жүйеге көшіру мен қор тарапынан сапаны бақылау туралы айту ерте. Ашықтықты қамтамасыз ете алмайтын сияқтымыз. Өкінішке орай біз әлі дайын емеспіз.

Бірақ Денсаулық сақтау министрі: «Бұл ұсыныс қаралмайды», – деп кесіп айтты. «Есесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға азаматтарды барынша тарту ісін қолға алайық», – деді ведомство басшысы.

Хабар 24 телеарнасы