384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы жайлы «Рядом с Первым» кітабы жоғары марапатқа ие болды

  • 998
  • UPD: 22:28, 08.09.2017

Ресейде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы жазылған «Рядом с Первым» кітабы ТМД мемлекеттері арасындағы «Кітап өнері» байқауында 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Туынды авторларын ұлықтау рәсімі Мәскеуде басталған халықаралық кітап көрмесі аясында өтті. Бұл туынды Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Марат Тәжиннің редакциялауымен жарық көрген болатын.

Бұл бірегей кітаптың авторлары тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішіндегі тарихи деректерді жан-жақты айшықтап жазған. Туынды өткен күндер мен тәуелсіздікке тікелей ықпал еткен тұлғалар жайлы сыр шертеді.

Георгий Пряхин, «Художественная литература» баспасының директоры:

– Бұл Президент жайындағы бір деммен оқып шығатын кітап. Онда жұмыс барысындағы оқиғалар айна-қатесіз суреттеледі. Мәселен, Астананың құрылысына кеңірек тоқталған. Оған қоса Батыс елдерімен байланыстың қалай орнағанын білуге болады. Жалпы кітап арқылы Мемлекет басшысы мен азаматтары атқарған өлшеусіз еңбекке қанығасың.

Константин Косачев, Халықаралық істер жөніндегі федерация кеңесі комитетінің басшысы:

– Кітаптың форматы өзгеше. Нұрсұлтан Назарбаев – таныстыруды қажет етпейтін адам. Ол Қазақстанда да, сырт мемлекеттерде де өте беделді тұлға. Бірақ оның жұмысымен еш боямасыз танысуға мүмкіндік туып отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық біртұтастық жайлы идеясы жарты ғаламшарды қамтиды. Бұл расымен оның бірегей бастамасы дер едім. Міне осындай тарихи жәйттарды келешек ұрпақ білуі керек. 

Туынды Президенттің әлемдік көшбасшылармен қалай қарым-қатынас орнатқаны жайлы мол мағлұмат береді. Сондай-ақ саяси жүйенің дамуы мен экономикалық жетістіктер туралы тарихи деректерге қанықтырады. Қазақстанның жер жаһанға танылуы жолында атқарылған ауқымды істер осы туындыға топтастырылған.

Владимир Григорьев, Баспа және жаппай коммуникация жөніндегі федералдық агенттігі басшысының орынбасары:

– Тарих толқынындағы бірегей бастамалардың Қазақстан тарапынан көтерілетіні кеңірек жазылғандықтан, кітапқа жоғары баға беріліп отыр. Оны оқи отырып, бір мәселені анық аңғаруға болады. Ол өткенді екшеп, болашаққа айқын бағдар қою керектігін көрсетеді.

Айта кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын Мәскеуде кітаптың таныстырылымы өтті. Содан бері еңбек ресейлік қоғам тарапынан жоғары бағаланып, үлкен сұранысқа ие болды.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы