389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгта өткен көрмеде қымыз үздік органикалық өнім атанды

  • 985
  • UPD: 09:46, 10.09.2017

Қазақтың қымызы Гонконгта 500-ден астам тауар өндіруші қатысқан Дүниежүзілік органикалық өнімдер көрмесінде  үздік деп танылды. Нақтырақ айтсақ, павлодарлық кәсіпкерлер апарған ұлттық сусынымыз «Әлемдік деңгейдегі үздік органикалық өнім-2017» номинациясын жеңіп алды.

Сарапшылар жылқының құрғақ сүтімен қымызын жоғары бағалаған. Байқауда топ жарған бұл өнімдерді Павлодардағы қымыз шаруашылығы мен сүт өңдеу кәсіпорнында бірлесіп әзірлейді. Екі жүз литр жылқы сүтінен 20 келі құрғақ сүт алынады. Табиғи өнімнің сапасы 10 жылға дейін жойылмайды. Ұнтақ қымызды биологиялық белсенді қоспа, косметикалық зат, тіпті дәрумен ретінде де қолдануға болады.

Сәтбек Мукин, шаруа қожалық иесі:

– Осындай үлкен дәрежеге жетіп отырмыз. Өніміміз Гонконгқа барып, Дүниежүзілік көрмеде бірінші орын алып отырғанымызға ризамыз.

Олег Толмачев, серіктестік директоры:

– Осыншама кәсіпкердің басын қосқан байқауда тек 7 жүлделі орын қарастырылған екен. Соның біреуін біз Қазақстанға әкеліп отырмыз. Үлкен мәртебе біз үшін. Жеңісіміз Ата Заңымыздың туған күнімен тұспа-тұс келді. Көптеген қатысушылар қос мерекемен құттықтап жатты.

Хабар 24 телеарнасы