И.Григуле: Қазақстан EXPO көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырды

Еуропалық Парламент депутаты Ивета Григуле осындай пікірімен бөлісті. Астанадағы халықаралық шараны арнайы келіп тамашалаған ол үлкен әсер алғанын мақтанышпен жеткізді.

Ивета Григуле, Еуродепутат, Орталық Азия бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы:

– Кеудемді мақтаныш кернеп барады. Өйткені менің достарым мен әріптестерім Қазақстанға бірінші рет келіп тұр. Олар қаланы, EXPO көрмесін, сегіз қабатты «Нұр Әлемді» тамашалағанда таңданыстарын жасыра алмады. 130 елдің көрмеге қатысқаны мені қатты таңқалдырды. Өз елім Латвия да осы шараға қатысты. Сондықтан өз елімнің және басқа да мемлекеттің павильонына бардым. EXPO-2017 өте жақсы ұйымдастырылған.