384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы тәжірибелік дағдылар орталығының жұмысы Еуропада үздік деп танылды

  • 630
  • UPD: 09:52, 11.09.2017

Қарағанды медициналық университетінің тәжірибелік дағдылар орталығының жұмысы халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды.

Үздік деп танылған орталық таяуда Хельсинки қаласында өткен халықаралық конференцияда ресми түрде марапатталды. Бұл ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы алғашқы марапат. Оқу орталығы заманауи технологиялармен толық жабдықталған. Мұнда заманға сай 400-ден астам болашақ дәрігер машықтанатын құрылғылар бар. Қазір университет студенттері Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарына симуляциялық оқыту бағдарламасын енгізуге үлес қосып отыр.

Виктор Риклефс, Қарағанды ММУ проректоры:

- Бұл жоғары баға – біздің университеттің барлық ұжымына берілген марапат. Бірегей симуляциялық оқыту бағдарламасын әзірлеп, енгізіп, таратқанымызға небәрі 10 жыл ғана болды. Бұл марапат бізге халықаралық келісімшарттарға отыруға, университетке студенттерді шақыруға мүмкіндік береді. Біздің бағдарлама халықаралық деңгейде үздік деп танылғанына өте ризамыз.

Хабар 24 телеарнасы