Еліміздің екі облысында телерадиобағдарламалардың таратылуы уақытша тоқтатылады
- 842
- UPD: 17:00, 19.09.2019

Телерадио стансаларындағы өндірістік талаптарға сай Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында телерадиохабар таратудың цифрлық және аналогтік техникалық құралдарын өшіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Осы орайда 11-19 қыркүйек аралығындағы күндері телерадиобағдарламалардың таратылуы уақытша тоқтатылады.
Айта кетейік, сол күндері «Хабар» және «Хабар 24» арналарының телебағдарламалары да уақытша өз жұмысын тоқтатады.