389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлердің электронды картасы жасалады

  • 1075
  • UPD: 22:45, 12.09.2017

Жер кодексіне жарияланған мараторий кезінде ауылшаруашылық жерлерінің жағдайы, пайдаланылуы, меншік иелері мен жер пайдаланушылар жайында мәліметтер жинап, саланы тексеру-зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Осының негізінде топырақты-геоботаникалық және электронды жер-кадастарлық карталары жасалмақ. Оған  республикалық бюджеттен 32,8 млрд теңге қарастырылды.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен жер кодексіндегі өзгерістерді талқылауға арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Сонымен қатар заң жобасымен ауылшаруашылық жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қаралады. Басқосу барысында жер реформасы бойынша комиссияның жер кодексін жетілдіру  жөніндегі дайындаған ұсыныстарын заңнамалық тұрғыдан реттеу жайына да түсінік берілді. 

Еркебұлан Дауылбаев, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы: 

- Жер реформасы жөніндегі комиссияның қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру. Жалға берілетін жердің  шектеу мөлшерін белгілеу, шекара маңындағы аймақтарда жерді берудің талаптарын қатаңдату. Елді мекендер маңында жайылым алаңдарын анықтау.Жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті жер учаскелері мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызу.

Хабар 24 телеарнасы