384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында шаруалар өнімдерін арнайы сайт арқылы сатады

  • 412
  • UPD: 12:20, 13.09.2017

Биыл Қостанай облысында да астық бітік шықты. Диқандар алқаптардың 80 пайызын орып бітті. Гектарына 11 центнерден өнім алған олар қырманға толар қызыл дәнді 5 млн. тоннаға жеткіземіз деп отыр.

Ал алынған өнімдерді шаруалар енді арнайы сайт арқылы да сата алады. Қостанайлық кәсіпкер ойлап тапқан жаңа сайт ақпараттарды жедел жариялап, кәсіпті өркендетуге арналған. Қазірдің өзінде сайтқа 9 мыңнан астам хабарлама енгізілген. Әлемнің 79 елінен 12 мың желі қолданушысы сайт жұмысымен танысып үлгеріпті. Көптілді жүйе қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға зор мүмкіндік береді.

Дмитрий Бажутов, сайт авторы:

– Бізде қазір халықаралық тіл ретінде ағылшын тілі жұмыс істейді. Қытай тілін енгізуді де көздеп отырмыз. Сондай-ақ араб тіліндегі нұсқасы жасалады. Орыс тілінде жарияланған хабарламаны Иран, ауғанстандық қолданушылар өз тілінде оқып отырады. Бұл отандық өнімдерді шетелге шығаруға өте тиімді.

Хабар 24 телеарнасы