Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қаратау-2017» оқу-жаттығуы жалғасып жатыр

  • 967
  • UPD: 23:53, 14.09.2017

Өз еліміздің аймақтарында Қазақстан Қарулы күштерінің «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы жалғасып жатыр.

Шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс өңірлерінде 10 мыңға жуық әскери қызметші, бір жарым мыңдай техника, 40-тан астам ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ әскери-теңіз күштерінің кемелері тартылды. Онда жоспар бойынша бекітілген дағдарыс аудандары бар. Оған іргелес орналасқан аумақта әскерлердің іс-қимылын қамтамасыз ету үшін бір мезетте 200-ден аса тактикалық әуе десанты түсірілді. Басқару тіректері қажетті байланыс құралдарымен жабдықталған. Бұл ұзақ уақыт бойы автономдық жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы