384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латын әліпбиінің стандартын даярлау кезінде қарапайым әрі жеңіл нұсқасы қаралды

  • 574
  • UPD: 16:22, 15.09.2017

Ақпарттық технология дамыған заманда шапшаңдық аса маңызды.

Ал күрделі жасалған әліпби процестің жылдам жүруіне кедергі келтіруі мүмкін дейді авторлар. Бүгін латын қарпіне көшу мәселесі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінде талқыланды. Бас қосқандар жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығын атап өтті. Ал жоба авторлары ел арасындағы кейбір сынға қатысты пікір білдірді.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры:

– Қазір xалық арасында диграфтарға қатысты әрқилы пікір айтылып жүр. Мәселен, ағылшын тілінде «ж»-ны «zh», «ч» әрпін «ch» деп жазып жүргенімізге көзіміз әбден үйренді. Ал енді «ә» дыбысын «ae», «ө» – «oe», «ү» – «ue» деп шығарғанда бәрі таңқалды. Неге? Себебі адамдар латын графикасымен жазылған «ае» мен «ое»-лерді екі бөлек дыбыс деп қабылдайды. Әрине, «ае»-ны екі бөлек дыбыс ретінде оқысақ, түсініксіз болар еді. Негізі ол екі таңба бір дыбысты білдіреді. Ол «zh» немесе «ch» сияқты. Ағылшын тілінде таңбаланған белгілерді бөлек оқымаймыз ғой. Сол секілді жаңа таңбаларға да көпшіліктің көзі үйренуі керек.

Көпшілік назарына ұсынылып отырған әліпби 25 таңбадан тұрады. Қосымша 8 диграф бар. Алфавит авторлары ең басты принцип – қазақ тілінің шұрайлығы сақталды деп отыр. Ал сарапшылар латын әліпбиіне көшу арқылы өркениеттің толыққанды мүшесі боламыз деген пікір білдірді.

Айгүл Сәдуақасова, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы:

– Біз әлемдік ақпараттық кеңістікке шығамыз. Салыстырып қарасақ, 80 пайыз ақпарат латын тілінде шығып жатыр. 70 пайыз ақпарат күнделікті латын әліпбиімен таратылып жатыр. Біз соған қолжетімді боламыз. Үндестік заңы сақталып, лингвисттер жаңа форма шығарып жатқан жоқ. Лингвисттер өзіміздің көне дәстүрімізді соған жақындауға мүмкіншілік жасап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы