387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мәдени брендтеріміздің арнайы тізімі жасалып жатыр

  • 430
  • UPD: 20:10, 15.09.2017

Төрткүл дүниеге танылатын төл мәдени құндылықтар жыл соңына дейін таңдалады.

Ал алдағы жылдан бастап оны Сыртқы істер министрі насихаттауға кіріседі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен халықаралық конференцияда айтылды. Мәдениет саласының мамандары Елбасы тапсырған «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын талқылады. Жиын барысында Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Аида Балаева мәдени брендтеріміздің арнайы тізімі жасалып жатқанын алға тартты. Оның ішінде ең үздік кино туындылары, музыкалық шығармалар, бірнеше тілге аударылатын кітаптар, өзге де құндылықтар бар. Сонымен қатар басқосуда латын қарпіне көшу мәселесі де көтеріліп, бұл бастаманың ұлттық мәдени құндылықтарымызды насихаттаудағы ерекше рөлі атап өтілді.

Ғани Нығметов, Еуразиялық интеграция институтының директоры: 

- Біздің мақсатымыз – қоғамға ақпарат беріп тұру. Не болып жатыр? Қалай іске асып жатыр? Бүгінгі шара сарапшылардың кезекті кзедесуі. Әр жобаны дербес талқылап жатырмыз. Өткен аптада «Туған жер» бағдарламасын қарадық. Одан кейін «Жаңа жүз есім» болады. Бүгін Қазақстанның заманауи мәдениеті.

Хабар 24 телеарнасы