387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы қоғамдық кеңес отырысында да латын қарпіне көшудің тиімділігі сөз етілді

  • 427
  • UPD: 18:40, 16.09.2017

Қоғамда жаңа әліпбидің жобасы қызу талқыланып жатыр.

Алматыдағы қоғамдық кеңес отырысында да сарапшы мамандар латын қарпіне көшудің тиімділігін сөз етті. Ең бастысы, жаңа әліпби мемлекеттің дамуына, руханиятымыздың кемелденуіне жол ашады дейді көпшілік. Іргелі өзгеріске үн қосқысы келген тіл жанашырлары болса, жаңа әліпбиде қазақ тілінің ережелеріне сәйкес дұрыс жазу мен оның қатесіз дыбысталуы ескерілуі керек екенін айтады. Сонда ғана жазба мәдениетіміздің болашағы кемел болмақ.

Рахман Алшанов, ЖОО қауымдастығының төрағасы:

Бұл жат дүние емес. Тарихымызда болған. 1 жыл емес 11 жылдай тарихымызда болды. Сондықтан ұмытылған жоқ. Тәжірибе көрсету керек. Тіл пайдалану тәжірибесі өзі дәл көрсетеді.

Смағұл Елубай, жазушы:

–«А» мен «Е» әріптері қосылып тұр. Бұл маған тосындау болып көрінді. Адам оқыған кезде «ае» деп оқиды. Соған біздің үйренуіміз қиын болады деп ойлаймын. Біздің ұрпағымыз 100 жыл бойы жасалған жазба мәдениетінен ажырамас үшін мектеп деңгейінде сол екі әліпбиде, латыншамен де, кириллицамен де жазып, оқи беретін деңгейде болу керек.

Хабар 24 телеарнасы