387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында бұқаралық спортты дамыту барысы талқыланды

  • 403
  • UPD: 18:50, 18.09.2017

Қазір еліміздің бірнеше аймағында «Тарлан» спорттық дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылып, жұмысын бастап кетті. Бұл ұйым мемлекет пен жекеменшік әріптестік арасын байланыстырушы көпір.

Сондықтан аталған мекеменің ұйытқы болуымен өңірлерде түрлі спорт кешендері салына бастады. Соның бірі Жамбыл облысының Шу қаласында пайдалануға берілген болатын. Осы қалада еліміздің әр аймағынан жиналған мамандар семинар-кеңес өткізіп, спорттық дене шынықтыру-сауықтыру бағытында атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп, түрлі пікірлерді талқыға салды.

Бақтияр Артаев, «Тарлан батырлары» мекемесінің директоры: 

- Осы «Тарлан» спорт кешендерін Қазақстанның түкпір-түкпірінде ашсақ па деген ниет бар және сервистік қызметтің сапасын арттырып, жоғарғы деңгейге қоямыз және балалардың көбі қамтылып, олимпиада резервіндегі спортшылардың, болашақ резервтің санын арттырамыз деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы